Хабар телеарнасы

Анастасия Городко Алматыдағы әлем чемпионатында алтын алды

Шымбұлақ тау шатқалында фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі жалғасып жатыр.

Жарыстың екінші күні Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Паралельді могулде Анастасия Городко алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз финалда Америкалық Риз Чапделайнның алдын орап кетті. Осылайша қазақстандық спортшы үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге салайық, 2022-ші жылғы дүниежүзілік жарыста Городко паралельді могулде топ жарса, былтыр могулда бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Ал кеше Анастасия жапон қызына жол беріп, күміс медаль иеленген.