БЖЗҚ қаржысын қолдану тәртібі өзгерді

  • 8
  • 17.04.2026, 21:47

Бүгіннен бастап елімізде зейнетақы қорындағы артық қаражатты ипотекалық несиені өтеуге пайдалану тәртібі өзгереді. Енді азаматтар бұл қаражат есебінен тек негізгі қарызды жаба алады.

Бұған дейін ай сайынғы ипотека төлемдерін өтеуге де мүмкіндік болған. Жаңа талапқа сәйкес, «қарыз» ұғымының орнына «негізгі қарыз» термині нақты қолданылатын болады. Ал банк сыйақысы мен өзге де қосымша төлемдерді қарыз алушылар енді өз қаражаты есебінен өтеуі тиіс. Сонымен қатар төлемді растау үшін «enpf-otbasy.kz» платформасына берешектің нақты қалдығы көрсетілген жаңартылған үлгідегі анықтама жүктеу қажет.

Бұл өзгерістер екінші деңгейлі банктерде рәсімделген барлық ипотекалық несиелерге қатысты қолданылады.