Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.