Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз желдің екпіні 28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.