Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай күтіледі. Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай және жел 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай бақыланады.
Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.