Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман болады
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай күтіледі.
Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде найзағай бақыланады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ бақыланады.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Түнде және таңертең Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.
Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13°С, күндіз +1+3°С.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +8+10°С.