Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
Кей жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарында бұрқасын, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Шығыс Қазақстан облыстының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында тұман күтіледі.