Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ болып, найзағай ойнайды. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейіп, тұман болады.
Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман түседі.
«Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей аймақтарында тұман болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді», – деп болжайды синоптиктер.
Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.