Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұманды болады
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Ал солтүстікте және шығыста көктайғақ, бұрқасын сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынның күшеюі күтіледі.
Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, түнде жекелеген аудандарында тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.