Хабар телеарнасы

Ирандықтар Қазақстанда ірі гидротехникалық құрылыстар салуға ниетті

Ирандық компаниялар Қазақстанда ірі гидротехникалық құрылыстар салуға ниетті. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесті. Тараптар жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын және суармалы су шығынын азайту мәселесін талқылады. Ирандықтар суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологиясын ұсынуға дайын. Министрдің сөзінше, бұл еліміздің оңтүстік өңірлері Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары үшін маңызды. Осы орайда Нұржан Нұржігітов ирандық компанияларды келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға шақырды.