16 наурызда Астанада «Senat Open» Ашық кубогының іріктеу туры басталады. Шараны Сенаттың қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырады. Жарыстың алғашқы кезеңі ақпан айында Түркістан мен Шымкентте өткен еді. Оған 200-ден астам адам қатысты. Турнир мемлекеттік қызметкер, депутат пен қоғам қайраткерлері арасында шахматты насихаттауға арналған. Астанадан кейін интелектуалды турнир Қарағанды мен Павлодарда жалғасады. Жоспарға сай 18 мамырға дейін іріктеу аяқталады.