Ел мергендері Шымкентке жиналды

  • 803
  • 14.03.2025, 19:13

Аймақта ересектер арасында стенд атудан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі басталды. Жарысқа елдің әр өңірінен жиналған 150-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында Азия ойындары, сары құрлық бәсекесі мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Мергендер бәсекесі 6 күнге созылады. Жарыс нәтижесі бойынша рейтинг жаңартылып, әлемдік додаларға қатысатын спортшылар есімі белгілі болады. Шымкентте ересектерден бөлек жасөспірімдер арасында да ел біріншілігі өтіп жатыр. Сайыс апта соңында аяқталады.

Авторы: Қанат Базылхан