Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Тек батыс аймағының кей жерлерінде жаңбыр жауып өтеді. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады.
Жамбыл облысында тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.