Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Оңтүстікте найзағай жарқырап, тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, күндіз солтүстіктің басым бөлігінде, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-22 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылордада, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ал Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрады.