Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқырап, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысында тұман болады.