Республиканың басым бөлігінде күн ашық болады
Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, шаңды дауылмен қатар жел күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с күшейіп, тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертен Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.