Республикамыздың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, жел күшейеді.
Түнде солтүстік аймақтарының кей жерлерінде үсік болады. Еліміздің тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқырайды.