Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады. Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болады.