Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, ал солтүстікте көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде желдің екпіні 23 м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-ке күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Ауаның температурасы түнде +6, +8°С, күндіз +13, +15°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +12, +14°С, күндіз +15, +17°С болады.
Қазақстанның солтүстік облыстарына тараған суық антициклон салдарынан түнгі ауа температурасының төмендейді. Алдағы екі тәулікте осы облыстарда суық антициклонның ықпалы мен оған ілескен үсік те әлі сақталады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен шығыс облыстары әлі де болса, суық арктикалық фронттардың ықпалы аясында болады. Бұл жерлерде жаңбыр өтіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Осы ретте ауа температурасы нормаға жуық және одан жоғары болады деп күтілуде. Қазақстанның батысында, сондай-ақ кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, ауа температурасы көтеріледі. Егер 16 мамырдың өткен тәулігінде күндізгі ауа температурасы онда +13...20°C болса, ал алдағы үш тәулікте + 22...30°С дейін көтеріледі.