Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады
Оңтүстікте шаңды жел борап, тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста күн ашық болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23м/с болып,бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с болады. Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.