Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ күтіледі. Тұман түсуі де мүмкін. Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20, күндіз 25 м/с-ге дейін жетеді.
СҚО-да жел күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ге дейін жетеді. Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында тұман түсуі мүмкін.
Ал Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ күтіледі. Алматы мен Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде күн қатты ысуы мүмкін.
Ақпарат көзі: «Қазгидромет»