Жамбыл облысының спорт мектебінде 32 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген
Жамбылда спорт мектебі директорының орынбасарынан бастап жаттықтырушыларға дейін жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары спорт саласында 32 қызметкердің өз ісінің маманы емес екенін анықтады. Олар соңғы 3-4 жылда облыстағы спорт мектептерінеде қызмет еткен. Сонымен қатар әлеуметтік саладағы 16 қызметкердің жалған дипломмен жұмысқа тұрғаны белгілі болды. Ал бұл адамдарға жұмыс істеген уақыт аралығында 349 млн теңге жалақы төленген.
Дәурен Омаров, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары:
-32 диплом яғни осындай жалған дипломмен жұмыс жасаған деректер орын алды. Қазіргі таңда оның 22-сі қызметінен босатылды. Жалпы барлық материалдарды полиция қызметіне жолдадық. Ары қарай да сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.