Хабар телеарнасы

Талдықорған жастары қарияларға көмек көрсетті

Талдықорған жастары қамкөңіл қарияларға көмек көрсетті. Студенттер барған бірінші үй София Гвоздиковаға тиесілі. 40 жыл құрылыс саласында еңбек еткен ол қазір жалғыз тұрады. Қардың қалыңдығынан кейуананың үйіне кіріп-шығуы қиындаған. Волонтерлер оның ауласын тазалап берді. Игі іс «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған. Экожоба қолға алынғалы Жетісу облысындағы елді мекендерден 12 800 тоннадан аса тұрмыстық қалдық шығарылған. 200-ге жуық саябақ пен 700-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылыпты. 

София Гвоздикова, қала тұрғыны:

-Жастарға көп рақмет. Оларға мықты денсаулық тілеймін. Өзара тату-тәтті, аспанымыз ашық болсын.

Шырай Саматқызы, волонтёр:

-Осы уақытқа дейін біз облысымызда жиырма шақты осындай акциялар ұйымдастырған болатынбыз. Алдағы уақытта да акциялар жалғасын табады.