XXI ғасыр көшбасшысы: Еңбекшіқазақ ауданында доданың іріктеу кезеңі аяқталды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының іріктеу кезеңі аяқталды. Оған үздік деп танылған 70 оқушы қатысып, 5 жеңімпаз республикалық сайысқа жолдама алды. Еліміздің мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктері қолдау көрсеткен жоба «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отыр. Республикалық сайыстың үш жеңімпазына отандық жоғары оқу орындарына білім гранты беріледі.
Толғанай Мүсірхан, 11-сынып оқушысы:
-«XXI ғасыр көшбасшысы» деген доданың болмағанына біраз жыл болыпты және осы жылы, биыл «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына байланысты қайтадан өткізіліп отыр екен. Сол себепті өзімнің бағымды сынап көргім келді және күткендей бірінші орын алдым.