Түркияның рейтингісі ең жоғары сериал «Хабар» арнасынан көрсетіледі
Түркияның былтырғы телемаусымындағы рейтингісі ең жоғары сериал енді «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Бір қызығы «Бахар» атты телехикаяның танымалдығы, әр сериал сайын артып отыр. Хабар арнасы өз талғампаз көрерменіне ұсынатын «Бахар» не жайлы?
Фильм бір сәтте Ыстамбұлдың шуақты көшелеріне алып келеді. Онда біз әлемнің әр түкпіріндегі әйелдерге өз арманын жүзеге асыру жолын көрсететін басты кейіпкермен танысамыз. Туыстас жұрттың көрермені бұл фильмді орта жасқа келген әйелдің өмірін көрсететін трагикомедия деп сипаттайды. Түрік әйелдері арасында бұл туынды үлкен танымалдылыққа ие.
Хасан Шахинтүрк, актёр:
-Телехикаяның көрерменнің жүрегіне жетуі үшін барымызды саламыз. Түркиядағы көрсеткіштер біздің талғампаз көрерменмен байланыс орнатқанымызды көрсетіп тұр. Десе де, біз мұнымен шектелмейміз. Әрбір бөлімде сізді тосынсый күтіп тұр.
Әйел бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетеді. «Бахар» телехикаясының мазмұны нәзік әйелдердің отбасы үшін жанпидалық әрекеті мен арманы арасындағы күрес жайлы. Оқиғаның мазмұны терең және әсерлі етіп берілген.
Алиса Сезен Сезер, актриса:
-Мен үшін бұл рөл үлкен жауапкершілік. Бахардың тағдыры мен өмірінің мәні мені терең ойландырды. Телехикаяда 16 жастағы қызды сомдаймын. Қиын емес. Бірақ бойжеткен қыздың психологиясын өзім енді түсінгендеймін.
Ердал Ваниван, атқарушы продюсер:
-Телехикаяны барынша шынайы көрсетуге тырыстық. Мәселен, аурухана сахналарын осында түсірдік. Ыстамбұлдың бірқатар әсем жерін таңдадық. Үйлеріміз Азия мен Еуропа бөліктерінде орналасқан. Аптаның 5 күнін осылай аралаймыз. Жұмысыңды сүйіп жасасаң, міндетті түрде нақты нәтиже болатынын осы телетуындыдан білдік.
«Бахар» өткен жылы ғана эфирге шыққан жаңа сериал. Дегенмен қазірдің өзінде әлем бойынша көп қаралым жинап, халықтың ықыласына бөленген фильм. Ыстамбұлдың Босфор жағалауларына сапар шеккісі келетін көрермен «Хабар» арнасынан бұл туындыны 6 ақпаннан бастап көре алады.