Еліміздің кейбір жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, шаңды аралас дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз Алматы, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.