Қазақстанның барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с болады. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ беткейінде 2 градус үсік болады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.