Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 23-28м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай күтіледі. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.