Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Тек батыс өңірлерде жауын-жашын жоқ.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с-ге дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Қостанай облысында тұман болуы мүмкін. СҚО-да жел күшейіп, тұман мен бұршақ күтіледі.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік күтіледі.
Астана қаласы: күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с-ге дейін жетеді. Түнгі температура – +7+9°С, күндіз – +20+22°С.
Алматы қаласы: күн райы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тенде ауа температурасы – +10+12°С, күндіз – +20+22°С.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz