Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең тұман болады. Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.