Еліміздің кейбір аймақтарында күшті жел соғады
Кей жерлерге өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, желдің екпіні күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы климаттық нормадан төмен, республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады.
Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Еліміздің кей жерлерінде күшті найзағай жарқырап, бұршақ жауып, екпінді жел тұруы мүмкін.