Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшеюі сақталады, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.