Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел екпіні 23-28 м/с-ге дейін жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да бұршақ жауып, жел күші 15-22 м/с-ге дейін жетеді. Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. СҚО-да тұман күтіледі.
Ал күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Қызылорда облыстарында өрт қаупін тудыратын ыстық сақталады.
Астана қаласында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күші – 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы – +16+18°С, күндіз – +27+29°С.
Алматы қаласында ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел екпіні – 0-5 м/с. Түнде – +21+23°С, күндіз – +33+35°С.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz