Хабар телеарнасы

Астанада АЭС салу туралы қоғамдық талқылау өтті

Қазақстанға АЭС қаншалықты қажет? Стратегиялық нысан салынса, оның үздіксіз жұмысы мен қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді?

Астанада да атом электростансасын салу жөніндегі қоғамдық тыңдау өтіп, халық өз көкейіндегі сауалдарын сала мамандарына қойды. Олардың сөзінше, елімізге АЭС-тың қажеттілігі даусыз. Себебі электр қуатының тапшылығы сезіле бастады.

2030 жылға қарай Қазақстанның 6%-де жарық жетіспеушілігі пайда болады деген болжам бар. Ал азаматтарды одан гөрі қауіпсіздік мәселесі алаңдатады. Мамандар сұрақтардың барлығына дерлік нақты жауап берді.

Ерболат Қоянбаев, Атом энергия институтының директоры:

- Жаңа айтып жатыр ғой, электр энергия 6% тапшылық болады деп. Ертең ол 10%-ке дейін жетуі мүмкін. 10% дегеніміз – әрбір оныншы үй светсіз қалады деген сөз. Енді қауіпсіздік жағына келетін болсақ, бұл – 3+ буындағы реакторлар. Қауіпсіздік мәселесіне өте жоғары деңгейдегі реакторлар.