Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Оңтүстікте шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болады, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ болуы ықтимал.
Күндіз Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.