Ақмола облысының Бурабай ауданында бұршақ жауды
Астана-Петропавл тас жолымен келе жатқан жолаушылар оның зардабын тартты. Бұршақ көліктердің терезелерін қиратқан. Куәгерлердің айтуынша, табиғи құбылыс 2-3 минутқа созылыпты.
Алдағы үш күнде еліміздің шығыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал қалған өңірлерде ыстық ауа райы сақталады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Астанада шілденің алғашқы үш күні өткінші жауын-шашынмен басталады. Ал Алматы қаласында, керісінше, нөсер болмайды. Алайда 3 шілдеде күндіз сынап бағанасы 33-35 градусқа дейін көтеріледі.