Еліміздің басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және Батыс өңірлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Ақмола, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Кызылорда, Ақтөбе, кей жерлерде Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарында қатты ыстық кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.