Мереке күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болады
Дәл осындай жағдай Қазақстан аумағында соңғы рет 2012 жылы тіркеліпті. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде керісінше жауын-шашын жиілейді. Әсіресе бас қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі Астанада мереке күндері ауа райы қолайлы болады деп болжанып отыр.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
- 6 шілдеде Астана қаласында күндіз өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай болады, оңтүстік шығыстан жел болады. Түнде 13-15 градус. Күндіз 31-33 градус. 7 шілдеде өткінші жаңбыр жауады. Түнде 19-21 болса, күндіз 33-35 градус болады.