Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады
Республикамыздың орталық және солтүстік аймақтарында жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 36 градус ыстықты көрсетеді.
Қазақстанның шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, күндіз сынап бағанасы 32 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік аймақтарда аздаған жауын-шашын болып, күндіз ауа температурасы 40 градус ыстықты көрсететін болады.