Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.
Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды облысында кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.