Еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр күтіледі
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда облысының кей желерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, күндіз Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарыныңда кей жерлерде қатты ыстық сақталады.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астана қ: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауаып, найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +32+34°С болады.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz