Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жел – 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел – 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Кызылорда облысында күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Маңғыстау облысында шаңды дауылмен бірге күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы, кей жерлерде Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші – 9-14, күндіз – 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде – 13-15, күндіз 22-24 градус жылы болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші – 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде – 20-22, күндіз 31-33 жылы болады, деп жазады «Қазгидромет».