Хабар телеарнасы

Жамбыл облысындағы 100 мың тонна қызылша ысырап болмайды

Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірген шаруалар 1 млн 300 мың тонна өнімін өткізе алмай отырғанын бұған дейін айтқан едік.

Мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар шаралар қабылданғанын жеткізді. Тәтті түбірден рекордтық көлемде жиналған өнім зауыттардың қуаттылығына сәйкес таратылатын болды.

Енді Жамбыл облысынан 100 мың тонна қызылшаны Жетісудағы Ақсу қант зауыты қабылдайды. Тиісінше, Жамбыл облысының шаруаларына Жетісу облысына тасымалдау шығындары ескеріліп, субсидия нормативтері 25-тен 45 теңгеге дейін көтерілді. Ал қант зауыттарымен қызылшаны өңдеу уақытын ұзарту бойынша келісім жасалды. Қант зауыттарына өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы фермерлерден қызылшаны сатып алу үшін 25,8 млрд тенге жеңілдетілген несие желісі ашылды.