Хабар телеарнасы

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасын қабылдады

Әңгімелесу барысында әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналары талқыланды.

Астана мемлекеттік қызмет хабының жетекшісі мемлекеттік басқару саласының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жергілікті атқарушы биліктің құзыреттерін кеңейту мәселелері жөнінде ой-пікірін жеткізді.

Сонымен қатар Әлихан Байменов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қазақтың ұлттық спорты – тоғызқұмалақтың танымалдылығын арттыруға ерекше ықпал еткенін айтты.

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты сараптамалық қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, айтылған ұсыныстар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.