Тіршілікке инвестиция. Сараптама

  • 7
  • 10.09.2026, 18:34

Елімізде инвестициялық саясат 3 деңгейлі сатыдан тұрады. Сыртқы, яғни халықаралық деңгей. Аты айтып тұрғандай, шетелдік инвесторлармен жұмыс. Одан кейін орталық деңгей. Мұндағы үйлестіру жұмыстарын Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрліктері және салалық ведомстволар атқарады және үшінші өңірлік деңгей. Ондағы жұмыстың алынға бергісіз ауыр салмағын әкімдіктер мен жергілікті штабтар арқалайды. Әлбетте тікелей шетелдік капиталдың келуі – маңыздылығы тұрғысынан орталық және жергілікті деңгейден кем емес.

Марат Есенов, «Kazakh Invest»ҰК» АҚ Стратегия және талдау қызметінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі:

- Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция 2025 жылы 20,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 24 жылмен және 17,4 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда, 14,4 пайызға және 2,6 млрд-қа артық. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығын білдіртеді. Екінші мына инвестициялық коньюнктураға, өзгерістерге қарамастан, біздің бейімделу қабілетімізді білдіртеді.

Қабілет сол, Марат Есенов мырза атап өткендей, еліміздің қаражатты дәстүрлі саналып келген мұнай-шикізат саласынан өңдеуші салаға бағыттай алуында. Бұл дегеніміз – сайып келгенде, инвестордың сеніміне ие болу деген сөз ғой. Сол себепті қазір «жаңа инвестициялық цикл» деп айдарланған үлкен мақсат белгіленіп отыр.

Жаңа инвестициялық циклге тоқтала кетсек, 78,6 млрд долларға 215 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Жобаларды сүйемелдеу жүйесі бірнеше іргелі механизмдерден қалыптасып отыр. Инвестициялық келісімдердің ашықтығы мен жеңілдігі мақсатында цифрлы платформа түзілді. Сол секілді келісімдерді рәсімдеуді жеңілдету үшін Fast Track – «жасыл дәліз» тетігі енгізілді. Экспортқа бағдарланған жобалар мен импорт алмастыру бағытында инвестициялық тапсырыстарға бір терезе қағидаты негізінде «Kazakhstan Investment House» бірыңғай орталығы атап өтуге болады. Сол секілді шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Алтын виза» тетігі әзірленіп, қазіргі уақытта пысықталып жатыр.

Инвестицияның табиғаты «келдім, ақша салдым, пайдамды алдым, кеттім» деген қағидамен жұмыс істемейді. Келісімге келгенннен бастап нақты жобаға дейінгі сүйемелдеу жұмыстары әсірісе шетел инвесторларымен серіктестікте маңызды. Сайып келгенде, ертең ол жүзеге асатын жоба, ашылатын жұмыс орны мен сатылатын өнім. Сүйемелдеудің түп себебі сол.

Марат Есенов, «Kazakh Invest»ҰК» АҚ Стратегия және талдау қызметінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі:

- 25 жылы 2600 аса сұрақ туындаса, биылдың өзінде бірінші жартыжылдықта 1600 ден аса сұрақтар болып, ол 20 пайызға өскен. Мысалға, жерге байланысты, жаңағы кедендік рәсімдеуге байланысты, салыққа байланысты. Осының барлығын инвестрлорға көмектесу бағытында жұмыс жасаймыз. Бұл жұмыс бір жүйеге қойылған.

Астана халықаралық қаржы орталығының нәтижесінде қызығушылық пен сұраныс артып отыр. 2026 жылғы шілдедегі жағдай бойынша, Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы 26,3 млрд доллар инвестиция тартылып, 90-нан астам елден 6 мыңнан астам компания тіркелген. Олар қазынаға 354 млрд теңге көлемінде салық төлеп, 10 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Жаңа инвестициялық цикл аясындағы 215 жобаны іске асыру нәтижесінде 88 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», - дедік қой ілгеріде. Бұл әшейін қағаздағы жоспар десек қателескініміз. Қазірдің өзінде 32,2 млрд долардың 93 жобаны іске асыру басталып кеткен. 46,4 млрд доллардың 122 жобасы пысықталып, әне-міне басталуға сұранып тұр. Бұл энергетика, фармацевтика, ауылшаруашылығы, көлік логистика, машина жасау және қаржы секторларын қамтиды. 

Айта кету керек, Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында жобалардың ауқымын кеңейте отырып, өңірлерде толыққанды өндірістік тізбектер құруды тапсырған. Яғни енді тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, жемшөп өндірісі және биотехнология салаларына арналған глютен, крахмал, аминқышқылдары және басқа да өнімдерді миллиардтаған ақшаға сырттан сатып алмай, өзіміз өндіреіміз. Жаңа инвестициялық циклдың табиғаты сол, өндірісті локализациялауға, отандық жеткізушілердің жүктемесін көбейту және сабақтас өндірістерді дамытуға және жаңа нарықтарға шығуға басымдық беріледі. Қазақша айтқанда, тіршілікке қан жүгірту дегеніміз осы да.