Бұл – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ең жоғары өсім. Нәтижесінде Қазақстан 139 елдің арасында 73-ші орынға ие болды.
Жаһандық инновациялар индексі – жыл сайын әзірленетін рейтинг. Ол әлем елдерінің инновациялық қызметі мен әлеуетін бағалайды. Қазақстанның бірқатар көрсеткіші жоғары нәтижелермен ерекшеленді.
Атап айтқанда, пайдалы модельдер бойынша әлемде 7-ші орында, мемлекеттік онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында, еңбек өнімділігінің өсімі бойынша 20-шы орындамыз. Сонымен қатар жоғары технологиялық өнім экспорты бойынша 27-ші, ал QS жетекші университеттер рейтингі бойынша 35-орында тұрмыз.