Мұнай-газ саласына ЖИ енгізіледі

  • 6
  • 30.09.2026, 18:37

Елімізде мұнай-газ саласына да жасанды интелект енгізілмек. Жаңа технология кен орындарындағы жұмысты автоматтандырады. Сонымен қатар өндіріс үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, цифрлық шешімдер мұнай өндіру тиімділігін арттырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жол ашады. Бұл бағыттағы жаңа жобалар Алматыда өтіп жатқан KIOGE-2026 көрмесінде таныстырылды. Іс-шараға 28 елден 500-ден аса компания өкілдері қатысып, кен орындарына жаңа технологияларды енгізу жолдарын талқылады. Сондай-ақ заманауи жабдықтар таныстырылып, жаңа іскерлік байланыстар орнатылды.

Ерлан Ақбаров, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Жаңа технологиялардың, серіктестіктің, жаңа мүмкіншіліктерді іске асыратын алаң болып саналады. 30 жылдың ішінде біздің елімізге қаншама жаңа технологиялар келді. Жаңа компаниялар келді. Мемлекет пен бизнестің, отандық өндірушілер мен шетелдік, халықаралық компаниялардың серіктестігі.