Қазақстан киберқылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді

  • 4
  • 30.09.2026, 18:34

Құрылтай Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялады. Маңызды құжат компьютерлік жүйелердің, желілер мен деректердің құпиялылығын заңсыз пайдалануға, астыртын іс-әрекеттерге тосқауыл болуға бағытталған.

Конвенция – ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы бірлесіп күш жұмылдыруға арналған бастама. Алғашқы халықаралық шарт 2001 жылы Будапештте жасалған. Оған АҚШ, Канада, Аустралия, Жапония, Ұлыбритания және Еуропа мемлекеттерін қоса алғанда, 80-нен астам ел мүше. Қазақстан үшін конвенцияға қосылу өте маңызды. 

Үнзила Шапақ, ҚР Құрылтай депутаты:

- Тергеп-тексеру үшін қажетті электрондық деректер бір мезгілде әртүрлі мемлекеттерде орналасуы мүмкін. Мұндай жағдайда тергеп-тексерудің тиімділігі халықаралық өзара іс-қимылдың жеделдігіне және цифрлық дәлелдемелерді уақтылы сақтау мүмкіндігіне тікелей байланысты.