Елордада «Үздік жас отбасы – 2026» байқауының финалы өтіп жатыр

  • 4
  • 10.09.2026, 18:57

Елордада отбасы құндылығын дәріптейтін «Үздік жас отбасы - 2026» қалалық байқауының финалдық кезеңі өтіп жатыр. «Отбасы - бақыт мекені» жобасы аясында ұйымдастырылған сайысқа алғашында 120 астаналық жұп қатысуға өтінім берген. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен үздік 10 отбасы бақ сынауда. Дәстүрлі додада жанұялардың білімі мен тапқырылығы, шапшаңдығы мен ой ұшқырлығы сыналады.

Шара қыркүйек айының екінші жексенбісі аталып өтілетін Отбасы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Байқаудың басты мақсатыотбасылық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру. Жеңімпаздарды қомақты жүлде қоры күтіп тұр.

Райымбек Өмірбай, байқауға қатысушы:

- «Отан отбасынан басталады», – дейді. Мемлекет деген институттың өзі отбасы деген кішігірім институттан басталып тұр. Бірақ ол институттың ішінде өзінің жұмыс істейтін, атқаратын функциясы бар. Жолдасым екеуміздің де қызметіміз бар. Отбасы құндылығы деген, ең алдымен, жүрек пен тамыр қалай жұмыс істесе, дәл сол секілді. Үлкен институттан бастап кіші институттардың барлығы бір-бірімен жақсы жұмыс істеу арқылы жақсы нәтижеге, бақытқа қол жеткізе алады.