Жаңатаста 2 үй нөсерден соң тұруға жарамсыз деп танылды
Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы 2 үй нөсерден соң тұруға жарамсыз деп танылды. Қазір онда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Алдағы екі аптада шығынға қатысты толыққанды есеп беріледі. Естеріңізге салайық, 8 шілдеде Жаңатас қаласында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған. Толассыз жауын салдарынан 47 үй, 400 аула мен әлеуметтік нысан су астында қалған еді. 6 көшенің асфальт жабындысын да су шайып кеткен. Табиғи апаттан келген шығын мемлекет есебінен өтеледі.